Мердігер мекеме өз қаражаты есебінен аялдама аумағындағы жолдарды қайта қалпына келтіріп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылы Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен қала аумағында 20 аялдама мен “қалташа жол” салынды.

Алайда жыл басындағы қатты нөсер жауын мен қалың қардан кейін “қалташа жолдардың” сапасы сыр берді. Аталған жұмыстарға жауапты “Алаш Констракшн” ЖШС кепілдік мерзіміне сәйкес, өз қаражаты есебінен аялдама жолдарын қайта қалпына келтіріп жатыр. 

Жоспар бойынша қала аумағының 750 шаршы метр 8 аялдама жолын қайта қалпына келтіру керек. Мердігер мекеме осы уақытқа дейін оның 300 шаршы метрге жуық аумағын реттеді. 

Құрметті қала тұрғындары! Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік таныту сұралады.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/975377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді