Ұлытау облысында заңсыз мұнай өнімдері тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлытау облысының аумағында заңсыз мұнай өнімдерін сату фактісі анықталды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлға жергілікті тұрғындарға құны 600,0 мың теңгеден асатын 2 540 литр мұнай өнімін сатқан.
🔹Бұл заң бұзушылықты Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында анықтады.
🔹Аталған факт бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Заң бұзушылықтың Құқық бұзушылықтың тікелей нысанасына айналған акцизделетін тауарлар тәркіленді.
❗Тиісті лицензиясыз, тауарларға ілеспе жүк құжаттарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған акцизделетін өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тыйым салынғанын еске саламыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/975376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді