Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының үйлестірушісі Е.Т. Кунтуримен кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында Вице-министр министрлік қызметінің Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мен іске асырудағы маңыздылығын атап өтті.

Ботагөз Жақселекова, сондай-ақ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолуы Жұмыс тобының 48-ші сессиясы шеңберінде өткен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Төртінші мерзімді ұлттық баяндамасын қорғау қорытындылары туралы хабардар етті.

Вице-министр, сондай-ақ, Әділет министрлігінің адам құқықтары саласындағы алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар өткізілген кездесудің нәтижелілігін атап өтіп, сындарлы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/977258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді