
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде:
– «Соқыр өзенінің арнасын мұсылман зиратынан (Сары-Арқа әуежайына баратын жол бойында) Қарағанды қаласындағы Федоров разрезі үйіндісіне дейінгі учаскеде санациялау»;
– «Шерубай-Нұра өзенінің арнасын (Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының маңында Қайрақты бөл.) санациялау» бойынша екі жобаны әзірлеу басталды.
Жобалар су объектілерінің экологиялық жағдайын жақсартуға, өзендер арналарының ластануы мен су басуын болдырмауға бағытталған.
Жобалардың мақсаты-халықты су тасқынына байланысты қауіптерден қорғауды қамтамасыз ету, арналардың өткізу қабілетін қалпына келтіру, ластану деңгейін төмендету және су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың салдарын болдырмау.
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы Б.Ж. Санбаевтың басшылығымен ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «КазЖобаСаулет-Консалтинг» ЖШС жобалау ұйымының өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді. Кездесу барысында екі жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері, техникалық шешімдер, экологиялық аспектілер талқыланып, жұмыс жобалары бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/977259?lang=kk

Жауап қалдыру