Дамса ауылдық округінің өзекті мәселелері бойынша отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихатта Г. Сәдуақасованың төрағалығымен Дамса ауылдық округінің дамуына қатысты өзекті мәселелерді қарастыру бойынша отырыс өткізілді.
Отырысқа № 8 сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Е. Васильева, аудан әкімі орынбасарының м. а. А. Керімбаев, мәслихат аппаратының басшысы С. Әкімжанова, Дамса ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Землянко, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Мұнтаева, сондай-ақ аудан ардагерлері Кеңесінің төрағасы, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ж. Әбдірахманов.
Отырыс барысында округ тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселелер, оның ішінде сумен жабдықтау мәселелері қаралды.
Депутаттар ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп шешімнің ықтимал жолдарын талқылап, жағдайды жақсарту бойынша қадамдарды белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша органдар мен жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/975920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді