
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз еңбек адамдары мен олардың қызықты мамандықтары туралы әңгімелейміз. Олар өз еңбектерімен еліміздің дамуына үлес қосып келеді.
Бүгін біз сіздерді елордадағы Индустриялық парк №1 аумағында орналасқан «Локомотив Құрастыру зауытының» көпірлі кран операторы Фатима Бекетовамен таныстырғымыз келеді.
Фатима еңбек жолын 18 жасында Өзбекстандағы тау-кен кәсіпорнында бастаған. Құрылысшы мамандығын алған соң, арнайы курстарда кран жүргізу мамандығын тез меңгеріп шыққан.
«Мен бұл зауытта 14 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұған дейін алтын өндіретін кен орнында және Степногорскідегі тау-кен-химия комбинатында еңбек еттім. Өз мамандығым өзіме ұнайды. Биіктен қарап тұрып, жігіттеріміздің адал еңбегін көргенде, кеудемді мақтаныш кернейді», – дейді көпірлі кран операторы.
Фатиманың тарихы – өз ісіне деген сүйіспеншілік пен мақсаткерліктің жарқын үлгісі. Оның тәжірибесі кез келген мамандықтың жынысқа бөлінбейтінін, ең бастысы – қоғамға пайда әкелу ниеті мен мамандыққа деген құлшыныс екенін дәлелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/975921?lang=kk

Жауап қалдыру