
2025 жылғы 15 сәуір күні Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы Сапар Қапарұлы Сәниев және мәслихат депутаттары А.С.Сатыбалдин, А.В.Лоханмен бірлесіп “Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратын күрделі жөндеу” объектісінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Бүгінгі таңда сорғыш пен желдетуді орнату жұмыстары аяқталды, қабырғаларды сырлау жұмыстары жүргізілді, электр желілері тартылып, терезелер, беткейлер және кіру тобы орнатылды.
Жақын арада еден салу, линолеум мен плитка төсеу, сондай-ақ баспалдақтың ұшын жөндеу жоспарлануда.
Жөндеу жұмыстары барлық жоспарланған кезеңдерді уақтылы және сапалы орындау мақсатында тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/976658?lang=kk

Жауап қалдыру