Рабочая поездка в Каргалинский район: приоритеты развития АПК и подготовка к весеннему севу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аймақтағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысы және көктемгі егіс науқанына дайындық барысы пысықталды.

Сапар Петропавл ауылындағы «Айдана» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды. Одан кейін делегация «Сәт» ШҚ-на барып, заманауи «DJi Agras-T50» дроны арқылы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу жұмыстарын бағамдады. Қарғалы су қоймасының жағдайы мен пайдалану тиімділігі де назардан тыс қалған жоқ.

Қосестек ауылында орналасқан «Ақбидай» ШҚ жұмысымен танысып, аталған шаруа қожалық базасында ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесуі өткізді. Бұл кездесу көктемгі далалық жұмыстарға дайындық мәселелерін талқылауға арналды.

Түстен кейін облыс әкімінің орынбасары «Қосестек Агро» ЖШС, «Дилэнд» ЖШС, «Велиховка» ЖШС сынды ауыл шаруашылығы субъектілерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, «Қасқыр сарқырамасы» демалыс аймағы мен жылыжай кешенінің жұмысы да таныстырылды.

Сапар соңында Ғалымжан Елеуов «ЮжПромСнаб» және «Степной» ЖШС кәсіпорындарына бару арқылы аудандағы агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы мен даму әлеуетіне жалпы шолу жасалды.

Аудан басшылығына ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану, көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын жеделдету және толық көлемде ұйымдастыруды қамтамасыз ету; шаруаларды қажетті көлемде жанар-жағармаймен қамту шараларын уақытылы жүзеге асыру, науқан барысын күнделікті бақылауға алып, туындаған мәселелер бойынша жедел ақпарат беріп отыру міндеттері қойылды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтер құру, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/978266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді