Сандықтау ауданының әкімі аппараттық кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аппараттық кеңес өткізді.

Кеңес басталар алдында аудан әкімі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады: Сандықтау ауданының білім бөлімінің басшысы лауазымына Гүлмар Қадырова тағайындалды.

Аппараттық кеңес барысында ауылдық округ әкімдерінің қызметіне қатысты негізгі мәселелер, оның ішінде «Отбасының цифрлық картасы» жобасын іске асыру және «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы шеңберінде қаржылық сауаттылықты оқыту мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Құдабай «Отбасының цифрлық картасын» іске асыру жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ ауданның елді мекендерін абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/978265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді