«Таза су» акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жетісу облысының табиғи ресурстар  және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі  жедел  қызмет» КММ-нің қызметкерлері 2025 жылдың 11 сәуірінде «Таза су» акциясына қатысты.  

Аталған акция «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-мен Лепсі өзенінің «Балқаш» көліне құятын сағасының ішкі сыртқы жағалауларын қоқыстын тазарту мақсаттында  ұйымдастырылды. Акцияға «Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ  және «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері де қатысты.

«Таза су» акциясына 50-адам қатысты және 8 автокөлік жұмылдырылды. Тазалау  жұмыстары барысында жалпы 13 тыйым салынған балық аулау торлары және 3 тонна қоқыс шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-natural/press/news/details/977759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді