Таразда 14 сәуірден бастап бір ай мерзімге ыстық су өшеді. «Электр станциялары мен желілерінің техникалық пайдалану ережелері»-не байланысты келесі жылыту маусымының басталуына дейін «Таразтрансэнерго» желілерде құбырлардың тығыздығы мен беріктігін тексеру үшін гидравликалық сынақтар жүргізеді.
– 1-кезең ТЭЦ-4 жылу көзінен: 18-22 сәуір аралығында М-1, М-2, М-3, М-4 магистральдық және ішкі квартилдық жылу желілерін гидравликалық сынау.
– 2-кезең РК-4 жылу көзінен: 23-29 сәуір аралығында М-5, М-6, М-8, М-9 магистральдық және салалық ішкі квартилдық желілерді гидравликалық сынау.
– Сынақ барысында анықталған ақаулы учаскелер 9 мамырға дейін жойылады.
– 9 мамырдан 13 мамырға дейін жұмыс схемасын құрастыру тұтынушыларды орталықтандырылған ЖЖҚ-ға қосуға дайындау.
Тұрғын үйлердегі металл тығындарды орнату және алу кәсіпорын қызметкерлері жүзеге асырады, өйткені қызмет көрсету компаниялары мен қарапайым серіктестіктер тарапынан үй-жай жабдықтарына тұрақты техникалық қызмет көрсету жетіспейді. Бұл процесс қысым сынақтарын жүргізуге едәуір уақытты талап етеді.

Жауап қалдыру