ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде қызметкерлерге арналған оқыту сабағы өтті. Фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратқызы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде баяндама жасады. Ал департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Думан Қалжыров сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында ақпарат берді. Кездесу соңында департамент басшысы Алмагүл Құсатаева ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын бұлжытпай сақтау қажеттігін тағы да еске салды.

Жауап қалдыру