Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы маңызды ақпараттық ресурстардың бірі – Enbek.kz платформасы жайында мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында кең көлемді түсіндірме жұмыстары өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушыларды және ұстаздарды цифрлық еңбек нарығының мүмкіндіктерімен таныстыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру және жұмысқа орналасу процесін жеңілдету.
Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға Enbek.kz платформасының негізгі қызметтері, яғни бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндеме жасау, қашықтан жұмыс табу, қысқа мерзімді курстарға қатысу мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар платформа арқылы кәсіби бағдар алуға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат білуге болатынын білді.
Мұғалімдер үшін платформа арқылы қосымша жұмыс мүмкіндіктері, цифрлық еңбек биржасына қатысу жолдары және кәсіби даму курстары жөнінде ақпарат ұсынылды. Тәжірибелі мамандар тарапынан онлайн платформада тіркелу, жеке кабинет ашу және түйіндеме толтыру бойынша практикалық нұсқаулар берілді.
Іс-шара соңында оқушылар мен мұғалімдер платформа жұмысына қызығушылық танытып, өз сұрақтарына жауап алды. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде қатысушылар Enbek.kz платформасын тиімді пайдалануға дайын екенін білдіріп, болашақ кәсіби бағыттарын нақтылауға бір қадам жақындады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Жауап қалдыру