Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Жылға,Әлімтау, Дарбаза ауылдық округтерінде шегіртке зиянкесімен қарсы күрес бойынша аудандық штаб отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысының аумақтық инспекциясының өкілі, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.
Аталған жиын барысында аудан әкімі:
– Барлығыңыз бірігіп аудан аумағындағы үйірлі шегірткелердің ошақтарына анықтау жұмыстарын жүргізіп, түбегейлі жою шараларын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін арнайы техникалардың көмегімен химиялық өңдеу шараларын қолданып, белгіленген уақытта дәрілеу жұмыстарын аяқтау аса маңызды, – деді.
Бүгінгі таңда оның сегіз мың га жер дәріленді. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында инспекция тарапынан 36 арнайы техника және 400 адам жұмылдырылған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Жауап қалдыру