Аудан әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Жылға ауылдық округіне арнайы барып, шегірткенің марокколық түрімен күрес жұмыстарының барысын арнайы жаяу аралап көріп, бақылады. Жауаптыларға жұмысты ширатуды, жауапкершілігін арттыруды ескертті. Өңдеу жұмыстары аудан басшының, сондай-ақ арнайы құрылған аудандық штабтың бақылауында.
Зиянкестерді химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақ 15 секторға, атап айтқанда: Әлімтауда 6, Жылғада 5,Дарбазада 3, Бесқұдықта 1 секторларға бөлінген. Аталған шара шегірткелердің таралуын ерте анықтап, дер кезінде химиялық өңдеу жүргізу мақсатында қолға алынған. Қазіргі таңда аудан аумағындағы алқаптарда күнделікті бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абудллаевтың тапсырмасына сәйкес шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторинг жұмыстарына қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған азаматтар мен еріктілер белсенді түрде жұмылдырылуда. Жалпы 400-ден аса адам , 36 арнайы техника жұмыс атқаруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жауап қалдыру