Ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығына айналатын әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі –мәдениет үйі және кітапаханалар. Сарыағаш ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандардың саны жыл сайын артуда.Солардың бірі Жылға ауылдық округінде бой көтеруде. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың Жылға ауылдық округіне жұмыс сапары барысында 75 орындық мәдениет үйімен кітапхананың құрылыс алаңын аралады.
Шеңгелді елді мекеніндегі мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысын жүргізуші мердігер «Асар строй групп» мекемесі. Мердігер тарапынан нысанның қазаншұңқырын қазу,жер жұмыстары жүргізілуде.
Арман Абдуллаев атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарына материалдарды пайдалануды, халық игілігіне жоспарланған мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жауап қалдыру