САРЫАҒАШ: ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ  ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып,  елді мекендерді табиғи газбен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс  жұмыстарының барысын бақылады. Мердігер мекеме өкіліне  және тиісті бөлім басшысына құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.  Сондай-ақ, жұмыс жоспарына сәйкес  атқарылып жатқан жұмыс барысының  жай-күйін қайта келіп бақылайтынын ескертті.

 

Қазіргі таңда, мердігер «Ремстрой» мекемесі тарапынан  39 шақырымға газ құбырлары тартылып, Жылға, Нұрауыл, Ферма №3 елді мекендерін көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, сегіз мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді