Шұбарсу елді мекенінің тұрғындарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шұбарсу елді мекенінің тұрғындарының назарына!
Ауыл өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам – Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін табуда. Бұл — тұрғындардың көптен бергі арманы, ұзақ жылдар бойы көтеріліп келе жатқан түйткілді мәселе болатын.
Ауыл тұрғындарының өтінішін назарға алған аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихат депутаттары Талғат Жанысбаев, Ғабит Оразымбетов және Ғалымжан Қалқаманов бұл мәселені жан-жақты зерделеп, нақты шешім қабылдау мақсатында тиісті органдарға мәселе ретінде көтерді. Аудан әкімі Азат Оралбаевтың ұсынысымен, ұсыныс облыстық деңгейге жолданып, облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбіш пен Ғани Райымбековтың ықпалымен бұл мәселе Астана қаласында өткен жиында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішевтің тарапынан қолдау тауып, назарға алынды.
Аталған жиында Шұбарсу елді мекенін газдандыру мәселесінің маңыздылығы жан-жақты талқыланып, облыстық деңгейде қолдау тапты. Бұл – билік пен халықтың арасындағы тығыз байланыстың, жергілікті басқару жүйесінің тиімділігінің нақты көрінісі.
Осы жұмыстың нәтижесінде облыстық бастапқы жұмысына бюджеттен 300 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, табиғи газ тарту жұмыстары ресми түрде басталатын болды. Бұл қаражаттың бөлінуі – үлкен жетістік, әрі ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын едәуір жақсартуға сеп болмақ.
Жақын арада құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Ауыл ішіне газ құбырлары тартылып, әрбір үйге көгілдір отын жеткізіледі. Бұл – ауылдағы өмір сүру сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасаумен қатар, экологиялық жағынан да тиімді қадам болмақ.
Шұбарсудың әрбір тұрғыны үшін бұл – тарихи сәт! Көптен күткен көгілдір отын енді ауыл өмірінің бір бөлігіне айналғалы отыр. Осы істің басы-қасында жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, алдағы жұмыстардың табысты жүруіне тілектестік білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/978545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді