Бүгін облыс орталығында «TURKISTAN STYLE» Халықаралық суретшілер симпозиумы қорытындыланып көрме ұйымдастырылды.

Симпозиумға 8 мемлекеттен келген 28 өнер қайраткері – Халық суретшілері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ҚР Көркем академиясының академиктері мен Қазақстан суретшілер одағының мүшелері қатысты.

Атап айтқанда, Ресей, Үндістан, Беларусь, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және еліміздің Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан келген суретшілер өз туындыларын ортаға салды. Кескіндеме жанрындағы 120-дан астам өнер туындысы жазылып, көрмеге ұсынылды.

Бұл халықаралық симпозиумның мақсаты – түрленген Түркістанның көрікті орындарын, салт-дәстүрін, тарихи-мәдени мұраларын, сәулеттік ескерткіштерін насихаттау, сондай-ақ бейнелеу өнерінің дамуына ықпал етіп, халықаралық деңгейдегі қылқалам шеберлерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау болды.

Халықаралық дәрежедегі суретшілермен шығармашылық байланыс орнатылып, Түркістанның табиғи-географиялық ерекшеліктерін бейнелейтін жаңа туындылар жазылды, музей қоры жаңа көркем шығармалармен толықты, жаңа көркем бағыттар мен заманауи пластикалық шешімдер іздестірілді.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/978564?lang=kk
Жауап қалдыру