2025 жылғы 15-16 сәуір күндері Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ: ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Алаңдағы бестемше» республикалық жарысы өтті.
Бұл жарыста Шымкент қаласының намысын қорғаған дене тәрбиесі нұсқаушылары жоғары нәтиже көрсетіп, қаламыздың абыройын асқақтатты.
I орын иегерлері: А. Алдабергенова, Ж. Агажанова, М. Амиралина.
III орын иегерлері: Ж. Палашова, А. Жанысбаева, М. Кистаубаева.
Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтай берсін!

Жауап қалдыру