ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 18 ШАҚЫРЫМ ӨЗЕН БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
♻️Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасының “Жасыл толқын” шеңберінде жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жастар Сайрамсу өзені жағалауын күл -қоқыстан арылтты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аудан аумағын абаттандыру мақсатында өткен сенбілікке 300-ге жуық адам қатысты.
✅ Игі шараға ат салысқандар 18 шақырым өзен жағалауын шыны, пластикалық бөтелкелерден, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Тазалық шарасына 10 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.
🔹 Сондай -ақ, аудан халқы тұрғылықты мекенжайындағы балалар ойын алаңшалары, ішкі көшелер, саябақ, аллеяларда тазалық шарасын жүргізді. Еріктілер, жастар аудандағы су қорғау аймақтары, өзен жағалаулары, жол жиектері күл-қоқыстан арылтты. Бұдан бөлек, аудандық, облыстық маңызы бар жол бойларына көшеттер отырғызылып, қураған талдар кесіліп, әктелді.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді