ҰЛТТЫҚ ТЕАТР – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫНДА
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры гастрольдік сапар аясында Ұлытау облысында өнер көрсетуді бастады. 12-15 сәуір аралығында өтетін «Әкемтеатр» жобасы аясындағы алғашқы қойылым – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» шығармасының желісімен сахналанған спектакль болды. Қойылымның режиссері – Ә. Рахимов.
Қазақ театрларының қара шаңырағынан келген өнер иелеріне қойылым алдында Ұлытау облысы әкімінің құттықтау хаты, естелік сыйлығы мен ықылас гүлі табыс етілді.
Актерлердің кәсіби шеберлігі мен жүрекпен жеткізген өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Ұлытау жұртшылығына ерекше рухани әсер сыйлады.
Жауап қалдыру