
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың кезекті кездесуі Аққұм ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Кездесуде аудан әкімі Аққұм ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар мен 2025 жылы жүзеге асатын жобалармен таныстырды. Еркеғали Амантайұлы елдің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, ауданды, ауылдық округті дамыту бағытындағы жоспарларын айтты.

2024 жылы 6 әлеуметтік нысанға 1,1 млрд.теңге қарастырылып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: Момынай елді мекенінің жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация жүйелері тартылуда. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Момынай және Жаңаұйым елді мекендерінің 4 шақырым жолы пайдалануға берілді. Момынай елдi мекенiнде ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын Ақтас көшесінің жолы орташа жөндеуден өтті. Аққұм елді мекені Әли ата көшесінің 1,6 шақырымы, Момынай елді мекені Д.Бекбауов көшесінің 2,5 шақырымы жарықтандырылды. Аққұм ауылының аумағына арка орнатылды.
2025 жылы 14 жобаға 860 млн.теңге қарастырылды. Аққұм ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Момынай елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын бастауға қаржы қаралды. Ащы көшесіне электр желісі тартылып, «Аққұм-Жаңатұрмыс» елді мекендерін, «Аққұм-Көксәйек» елді мекендерін жалғайтын жолына орташа жөндеуден өтуде.

Еркін форматтағы ашық пікір алмасуға арналған кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудан әкіміне инфрақұрылым жүргізу, каналдарды тазалау, беккери шұңқырының орнын ауыстыру, жолдарды жөндеу, ФАП салу, түнгі жарықтандыру орнату және өзге де әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша өтініштер түсті.

Округте инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік бар. Осы бағытта жұмысты күшейту керек, – деді Еркеғали Амантайұлы аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастырып, жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Одан кейін аудан басшысының жеке қабылдауы өтіп, тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Көтерілген мәселелер мен арыз-шағымдар назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/973851?lang=kk
Жауап қалдыру