
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде өтті.

Кездесуде аудан басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2025 жылға жоспарын баяндап, Бірінші Мамыр ауылдық округінде атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Аудан әкімі ауылдық округтің даму көрсеткіштеріне тоқталып, өндіріс орындарын ашу, экономиканы көтеру бағытындағы жұмыстар дамылсыз жалғасатынын айтты.
2024 жылы ауылдық округтегі 7 әлеуметтік нысанға 55 млн.теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда: «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр елді мекені М.Әуезов көшесіне электр желісін жүргізіліп, трансформатор қойылды. Бірінші Мамыр елді мекенінен Алғабас елді мекеніне бұрылатын жол қиылысына бағдаршам орнатылды.
Ынтымақ елді мекеніндегі орталық көше
жарықтандырылды. Алғабас елді мекенінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Зағамбар елді мекеніне суағар орнатылып, Бірінші Мамыр және Алғабас елді мекендерінің бас жоспарына өзгерту енгізілуде. Атбұлақ каналының 3 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.

2025 жылы 19 жобаға 783 млн.теңге қарастырылды.

Кездесуде округ тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды. Округ тұрғындары Жаңажол елді мекеніне ауыз су жеткізу, тұрғын үй құрылысына арналған жерге инфрақұрылым тарту, мазаратқа арнайы жер бөлу мәселесін сөз етті. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне қатысты сұрақтар қойылып, трансформатор орнату, ауыз су құдығының ашық қалуына қатысты шағымдарын айтты. Жол, көше бойына түнгі жарықтандыру, арнайы қоршаулар орнату мәселесін көтерді. Көшеттерді суғару жүйесін реттеу, , “Жеңіс” саябағын салуға көмек сұрады.

Кездесуден кейін аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Мәселелер бақылауға алынды.

Айта кетерлігі, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесулері барлық ауылдық округте жалғасын табады. Жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе аудандық әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөліміне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/973825?lang=kk
Жауап қалдыру