САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келес ауданында ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сакен Қаныбековтың  төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдулаев қатысты.

 

ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нұрбол Бекмұратов Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысын баяндап, аудандарда анықталған ошақтар жөнінде мәлімет ұсынды.

 

Шегіртке зиянкесіне қарсы қазіргі таңда 67,3 мың гектар зерттеліп, оның 10,8 мың гектарында дернәсілдің зиянды шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталды. 7,1 мың гектар өңделді. Анықталған ошақтарда дәрілеу аспалы бүріккішпен жүзеге асырылуда. Ал, алқаптарды дәрілеуге арнайы техникалар жұмылдырылуда.

 

Сарыағаш ауданында 81,3 мың гектар жер залалсыздандырылады деп көзделген. 15 секторда ошақтарды анықтауға 390 адам тартылған. Нақты өңделген аумақ 1832,4 гектарды құрайды. Жұмыс жалғасуда.

 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков мердігердің техникаларынан бөлек әкімдік тарапынан демеушілер ұйымдастырылып, қосымша техникалар тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ, улы химикаттармен тікелей жұмыс атқаратын мамандардың денсаулығын күту, уланудың алдын алу мақсатында медициналық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру аудан-қала әкімдерінің орынбасарларына жүктелді.

 

Сакен Әсембекұлы әкімдіктің атқарған жұмыстарын оң бағалап, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан тиісті қолдау мен көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз  қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/973177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді