МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 2025 жылдың 7–18 сәуір аралығында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында берілген «943 – Елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары өтуде.

Курстар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалында ұйымдастырылған.

Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясында – 27 мұғалім, №1 TALANT мектебінде – 81 мұғалім, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында – 54 мұғалім оқып жатыр.

Курстың тақырыптары: «Жаратылыстану сауаттылығы мен цифрлық әлемде оқу дағдыларын дамыту» және «Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік».

Бұл курстар мұғалімдерге заманауи білім беру әдістерін меңгеруге, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруге мүмкіндік береді.

https://www.facebook.com/share/r/1LFpoTNjJ9/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/972956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді