Аудан басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіне арнайы барып, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Мектеп ғимаратына интернет желісі тартылып, қосылу нүктесіне қосылған. Ауыз су және табиғи газ құбырларын орнатып, орталық газ жүйесіне қосылды. Бүгінде, ойын алаңшасын орнату, автотұрақ және жол салу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет ескертті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/970301?lang=kk

Жауап қалдыру