«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Осы ретте, Сарыағаш қаласының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жол жиегіндегі, орталық көшелерінің бойындағы ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізіліп, бей-берекет тасталған қоқыстардан тазартылды . Тазалық жұмыстарына жалпы 20 жұмысшы, 1 техника жұмылдырылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Ауылдың әр тұрғыны өзі тұратын ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/970284?lang=kk

Жауап қалдыру