Сырым аудандық мәслихатының ХАБАРЫ
Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілуіне байланысты төмендегіше бос орындар бар екендігін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қаперіне салады:
Сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстар қабылдау 2025 жылдың 3 сәуірінен бастап 23 сәуірді (қоса алғанда) дүйсенбіден жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8 үй, каб. № 302, байланыс телефоны 31-1-22, электрондық адресі: sirim_maslihat@mail.ru
- № 10 округтік сайлау комиссиясы – 1 орын
- № 290 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын
- № 291 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын
- № 293 учаскелік сайлау комиссиясы – 3 орын
- № 304 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын
- № 312 учаскелік сайлау комиссиясы – 3 орын
- № 314 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын
- № 317 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын
- № 323 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын
Барлығы: 16 орын.
Аудандық мәслихат төрағасы Ш.Дуйсенгалиева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/syrym-maslihat/press/news/details/967735?lang=kk

Жауап қалдыру