Шымкент қаласы білім басқармасы 9 білім беру ұйымының директор лауазымына конкурс өткізді.
Олар:
•“Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп”
•“А.Асқаров атындағы №77 жалпы орта мектеп”
•“№98 жалпы орта мектеп”
•“№106 “Қайнарбұлақ” жалпы орта мектеп”
•“№147 жалпы орта мектеп”
•“Маржан Тасова атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты”
•“Жалпы білім беретін №3 кешкі орта мектеп”
•“Қосалқы мектеп-интернаты”
•“№41 “Балбөбек” бөбекжай-бақшасы”
Конкурсқа 10 үміткер құжат тапсырды. 4 білім беру ұйымына басшы тағайындауға ұсыныс енгізілді. Конкурсқа қатысқан 1 азамат өз еркімен бас тартты.
Айта кетейік, конкурс барысын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жеке келіп бақылап, үдерістің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ерекше мән берді.
Бұл шара білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында атқарылып, болашақ басшыларды таңдау процесі талаптарға сай жүргізілді.
https://www.facebook.com/reel/658501220449512
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/967737?lang=kk

Жауап қалдыру