Түркістан облыстық мәслихаты депутаттары аудан халқына есеп берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданында Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Сүлейменов және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуді Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жүргізіп, мәслихат депутаттарының есеп беруінің маңыздылығын атап өтті. ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беруі тиіс.
Жиын барысында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов кіріспе сөз сөйлеп, облыстық мәслихаттың атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов 2024 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жетістіктер мен мәселелерді талқылады.
Кездесудің негізгі бөлігі сұрақ-жауап форматында өтті. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, халық қалаулыларынан жауап алды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/967777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді