ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
❗️Түркістан өңірінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар нәтижесін беруде. «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру жалғасып жатыр.
🗂️ «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы өтінімдерді қабылдауда.
📊 Жылдық мөлшерлемесі – 5%. Жеңілдікпен өтеу шарттары қарастырылған.
🌾 Қаржыландыру дәнді, майлы, бақша дақылдары және техникалық қолдауға бөлінеді.
📄 Негізгі шарттары:
• Кепіл ретінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің болуы;
• Кредит бойынша негізгі борыш пен пайыздарды кестеге
сәйкес өтеу;
• Мерзімінен бұрын өтеу – айыппұл санкцияларын есептемей-ақ кез келген уақытта толық немесе ішінара өтеуге жол беріледі.
❓Кімдер қатыса алады?
•Заңды және жеке тұлғалар;
•Жеке кәсіпкерлер;
•Шаруа қожалықтары;
📎 Қаржыландыру екі нысанда жүзеге асады:
• несие желісі;
• біржолғы қарыз;
🔎 Қосымша ақпарат үшін:
📍Түркістан қаласы | Тәуке хан даңғылы | № 321 ғимарат
📲 8 (72533) 4-22-73; 8 (72533) 4-22-86

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/966776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді