
2025 жылдың 24 сәуірінде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша селосында терроризмге қарсы Қарғалы аудандық жедел штабымен жедел-тактикалық жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында, террористтік тұрғыдан осал объектілерге терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Жүргізіліп жатқан іс-шараға байланысты, автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша қойылатын шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Осы орайда, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа ала отырып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді ескертеміз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Ақтөбе облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/983071?lang=kk

Жауап қалдыру