БӘЙДІБЕК: АМАНСАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 150 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Боралдай ауылдық округі Амансай ауылында салынып жатқан 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға таяу. Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов аталған елді мекенге арнайы барып, нысанның құрылыс барысымен танысты.
 
Құрылыс жұмыстарын «Real Stroy Invest» мердігер компаниясы жүзеге асыруда. Жобаның жүзеге асыру мерзімі 2024 жылы басталған, ал ағымдағы жылы толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
 
Мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік-мәдени орталыққа айналмақ. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, өнер және тәрбиелік бағыттағы шаралар өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, бұл жоба ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне және шығармашылық әлеуетін дамытуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
 
Аудан басшысы Ерлан Нұрмаханов құрылыс сапасына ерекше назар аударып, жауапты тұлғаларға белгіленген мерзімді қатаң сақтау жөнінде тапсырма берді.
 
«Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Бұл нысан ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандыруға ықпал етеді», – деді аудан әкімі.
 
Амансай ауылындағы мәдениет үйі – ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жарқын мысалы.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/984893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді