Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметкерлеріне арналған семинар Жезқазғазғанда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   “Ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзекті мәселелері” тақырыбындағы семинар Жезқазған қаласында жалғасты. Іс-шараға 50-ден астам қатысушы жиналып, маңызды тақырып төңірегінде пікір алмасты.
   Семинардың негізгі спикері – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, «Ace Adviser» заң компаниясының жетекшісі Айсин Сайкен Бақытұлы. Ол комплаенс жүйесінің маңыздылығына тоқталып, ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
   Семинардың ашылуында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қуанышбек Абишев:
«Бүгінгі семинар – ұйымдардағы комплаенс қызметін жетілдірудің маңызды қадамы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек құқықтық қадамдармен ғана емес, сонымен қатар мәдениетті қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Бұл бағытта әрбір мекеме өз үлесін қосуы тиіс»,-деп атап өтсе, Ұлытау облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Жаңагүл Еділбаева: «Этика мен адалдық – қоғамның іргетасы. Мемлекеттік қызметшілер мен ұйым өкілдері осы құндылықтарды күнделікті қызметінде басшылыққа алуы керек. Комплаенс жүйесі осы бағыттағы тиімді құралдардың бірі»,-деді. Сонымен қоса, Жезқазған қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қаламқас Абдуалиева сөз сөйлеп, «Қоғамдық сананы өзгерту, адалдық қағидаттарын насихаттау – бүгінгі күннің басты талабы. Осындай семинарлар арқылы біз жастарға, ұйым қызметкерлеріне дұрыс бағыт көрсетеміз»,-деп тілге тиек етті.
   Іс-шара барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, спикерге департамент басшысының атынан Алғыс хат табысталды.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/984894?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді