БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов жұмыс сапарымен Боралдай ауылдық округіне барып, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.
 
Іссапар барысында аудан басшысы алдымен Домалақ ана мектебіндегі жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Мектеп ғимараты заман талабына сай жаңартылып, оқушыларға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.
Сапар аясында Боралдай ауылындағы ауыз су резервуары мен су тасқыны қаупі бар өзен арнасының жағдайы да назардан тыс қалмады. Аудан әкімі аталған аумақтарды аралап, мамандардан тиісті ақпарат алды. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету – округтегі маңызды мәселелердің бірі екенін айтып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
 
Сонымен қатар Ерлан Нұрмаханов Боралдай және О.Тайманов ауылдарының ортасында орналасқан екі қабатты коммуналдық тұрғын үйдің қазіргі жағдайымен танысты. Аталған тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.
 
Сапар соңында аудан әкімі О.Тайманов ауылындағы ауыз су мұнарасына барып, нысан жұмысының тиімділігін бағалады. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты. Жергілікті халық тарапынан инфрақұрылым, ауыз су және жол мәселелері қозғалды.
 
«Ауыл – ел тірегі. Әрбір әлеуметтік нысан мен инфрақұрылым мәселесі — халықтың өмір сапасын арттыру жолындағы маңызды бағыт. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырамыз», – деді аудан әкімі.
 
Аудан басшысының бұл сапары – өңірдегі өзекті мәселелерді нақты көзбен көру және оларды тиімді шешудің жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/984901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді