
Алға қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Бір ауыл — бір өнім» жобасының аудандық кезеңі өтті.
Аталған шараға Алға ауданының әкімі А. Шүйіншәлиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақтөбе облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты К. Айдарханова қатысты.
Көрмеге қайтарымсыз гранттар мен “Ауыл аманаты” жобасы аясында өз кәсіптерін ашқан алғалық кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Сүт, ет, балық өнімдерімен қатар, гипстен жасалған бұйымдар, қамшы мен ер-тоқым секілді ұлттық қолөнер туындылары да көрмеден орын тапты.
Шараға 20-дан астам кәсіпкер қатысып, тұрғындарға таза, табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынып, жергілікті кәсіптің дамуын паш етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/984902?lang=kk

Жауап қалдыру