Өкіл Байзақ ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысы Байзақ ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен «Азаптау мен басқа да қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар Өкіл өңірдегі азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлерінің алдын  алуға байланысты мәселелерді тиімді шешу үшін өкілдің және ҰАТ тобының қызметі мен өзара әрекеттесуі туралы түсіндірмелер жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/984904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді