
2025 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында «Балалар жарақаттануымен байланысты жағдайды талқылау және балалар арасындағы жазатайым оқиғаларды азайту үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті және Төтенше жағдайлар және дүлей зілзала қаупін азайту орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Ұлттық статистика бюросының өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. Онлайн форматта ТЖМ аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар.
Іс-шара аясында негізгі министрліктер мен ведомстволардың баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ балалар жарақатының алдын алу саласындағы халықаралық және қазақстандық тәжірибеге шолу жасалды. Министрліктер мен ведомстволар арасында балалардың терезеден түсуінің, судағы оқиғалардың, түрлі төтенше жағдайларда балалардың өлімінің алдын алу мәселелерінде үйлестіруді күшейту туралы шешім қабылданды. Балалар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ табысты халықаралық тәжірибелерді интеграциялау бойынша нақты қадамдар белгіленді.
Бұл іс-шара ашық ведомствоаралық диалог үшін бірегей алаң құруға мүмкіндік берді. Әр түрлі аймақтар мен құрылымдардың өкілдері арасында озық тәжірибемен алмасудың құнды тәжірибесі алынды.
ТЖААК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpchs/press/news/details/983098?lang=kk

Жауап қалдыру