
Құтыру – rabies – вирус тудыратын зооноздық инфекция
(яғни, ауру жануардан адамға жұғады). Бұл ауру үй жануарларына да, жабайы аңдарға да тән және көбінесе жыртқыш жануарлардың тістеуі немесе сілекейі арқылы жұғады.
Құтыру кезінде жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстары байқалады:
- қозғыштық;
- агрессиялық;
- ақыл-ой бұзылыстары (деменция);
- салдану (паралич) және өлім жағдайы.
Құтыру вирусының екі түрі белгілі:
- «Жабайы» вирус – табиғатта жануарлар арасында айналымда жүреді;
- «Фиксацияланған» вирус – вакциналар жасау үшін қолданылатын штамм.
Бұл екі вирустың антигендік құрылымы ұқсас болғандықтан, фиксацияланған штамммен жүргізілген вакцинация жабайы вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырады.
Қоздырғыштың төзімділігі:
- төмен температураға жақсы төзеді;
- бірақ қайнату, кептіру, ультракүлгін сәуле, ҚР рұқсат еткен дезинфекциялық заттардың әсерінен тез жойылады.
Инфекция көзі мен резервуары – вирус жұққан жануарлар: түлкі, қасқыр, қарсақ, ит, мысық, жарқанат, кеміргіштер, жылқы, ұсақ және ірі қара мал және т.б.
Вирус сыртқы ортаға сілекей арқылы бөлінеді,
және бұл сілекей адам үшін ауру басталғанға дейін 8–10 күн бұрын жұқпалы болады.
Құтыру ауруына шалдығу себептері:
- жарақат алған адамның медициналық көмекке кеш жүгінуі;
- вакцинация режимінің бұзылуы немесе толық курс алмауы.
Инкубациялық кезең
Инфекция кірген жерге байланысты әртүрлі болады:
- егер вирус бетке немесе бастың аумағына енсе – инкубациялық кезең қысқарады (орта есеппен 2 аптадан 1 айға дейін);
- аяқ-қол зақымданғанда – ұзағырақ болуы мүмкін (1–3 айдан 1 жылға дейін).
Емдік-профилактикалық иммундау курсы
Антирабиялық көмекке жүгіну мерзіміне қарамастан, құтыру жұқтырған, күдік тудырған немесе жабайы жануармен байланыстан кейін вакцинация курсы дереу басталады – тіпті бірнеше ай өткен соң да бастауға болады.
Жараны алғашқы өңдеу тәртібі:
- тістелген, тырналған немесе сілекей тиген жараларды кемінде 15 минут бойы сабынмен немесе жуғыш затпен жақсылап жуу керек;
- жараның шеттерін 70% спиртпен немесе йод тұнбасымен өңдеу қажет;
- мүмкіндігінше жараға тігіс салудан бас тарту керек.
Тігіс тек келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
- кең жаралар кезінде – жараны алдын ала өңдеп, бірнеше тігіс салу;
- косметикалық себептермен (бетке салынатын тігістер);
- сыртқы қан кетуді тоқтату үшін қан тамырларын байлау қажет болғанда.
Құтыруға қарсы вакцинация тиімділігі
- вакцинация тістелгеннен кейін 14 күн ішінде басталса – өте тиімді;
- алайда, нақты мерзімге қарамастан вакцинация міндетті түрде жүргізіледі.
Антирабиялық екпелер екіге бөлінеді:
- Міндетті (абсолюттік) көрсеткіштер бойынша:
- анық құтыру белгілері бар жануарлар тістегенде;
- жануар туралы еш мәлімет жоқ болса.
- Шартты көрсеткіштер бойынша:
- құтыру белгілері жоқ жануар тістеп, оны 10 күн бойы бақылауға мүмкіндік болса.
Иммундық жауап вакцина салынғаннан кейін 12–14 күннен ерте пайда болмайды.
Сондықтан егер инфекцияның жылдам таралу қаупі бар (бет пен мойын, бас аймағы тістелген, терең жарақаттар) жағдай болса, белсенді-пассивті қорғау қолданылады:
- вакцинамен қатар антирабиялық иммуноглобулин де енгізіледі.
«Қамысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ басшысының
міндетін атқарушы Сорокина А.А.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/983096?lang=kk

Жауап қалдыру