
🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: 28 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СҰХБАТ БЕРІЛДІ
🔹 Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде «Turkistan» телеарнасының «Қиын мәселе» бағдарламасында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы жыл сайын әлемдік деңгейде атап өтілетін 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай республикалық деңгейде атқарылатын іс-шараға байланысты жұмысшылардың құқығының қорғалуы және еңбек қатынастарының реттелу жолдары туралы қозғалған мәселелерге қатысты сұхбат берді.
🔹 Ел өміріндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік оқиғалар мен мәселелерге арқау болған «Қиын мәселе» бағдарламасының шақыруымен қоғаммен ашықтықты орнату мақсатында 1919 жылы негізін қалаған Халықаралық еңбек ұйымының 1993 жылдан бері мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасында жыл сайын 28 сәуірде атқарылып келе жатқан Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні іс-шарасының негізі мақсаты мен міндеттеріне, жыл сайын өндіріс орындарында орын алған жазатайым оқиғаларға қатысты статистикалық мәліметтерге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына кеңінен тоқталып, тарқатып өтті.
🔹 Сонымен қатар, аталмыш іс-шараның ұйымдастырылудағы негізгі мақсаты – жұмысшылардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік қорғалуын және еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару басымдықтары туралы халыққа кеңінен түсіндіріліп, тікелей эфирде қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980663?lang=kk
Жауап қалдыру