
ДЕПАРТАМЕНТ: ОБЛЫСТА ӘРІПТЕСТІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін облыс әкімдігінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлының төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
- Облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия туралы;
- «Қыран» футбол клубы» МКҚК-ның 2017-2023 жылдар аралығындағы жұмыскерлерге төленетін жалақы қарызы туралы;
- Өндірістегі (кәсіпорындардағы) еңбек қауіпсіздігі мен жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы «Қыран» ФК» МКҚК-да қордаланған жалақы қарызы туралы баяндама жасады.
«Қыран» ФК» МКҚК бойынша:
– Жүргізілген тексерулер: 2023-2024 жылдар аралығында арыз-шағымдар мен Түркістан қалалық прокуратурасының тексеру жүргізу туралы қаулысының негізінде қордаланған жалақы қарызы бар екені анықталған.
Атқарылған жұмыс: қызметкерлердің жалақы қарыздарын мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сот орындаушыларымен есеп шоттары бұғатталған.
Ұсыныс: «Қыран» ФК» МКҚК басшылығының жыл сайын бюджеттен бөлінген қаржыдан не себептен айлық жалақыларын уақытылы төлемегендігін, бірнеше жыл бойы қызметкерлердің уақытылы айлық жалақыларының ала-алмауы қоғамдық-әлеуметтік дау туғызуы мүмкін екендігін ескере отырып, тиісті құзырлы мекемелерден бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуын анықтап, жалақы қарызын өндіру үшін тиісті шешім қабылдау қажет екендігіне ұсыныс тасталды.
Сонымен қатар, Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы өзге де әлеуметтік төлемдерге (зейнетақы қоры, жеке табыс салығы) қарыздарын қосымша тексеруді қажет ететіндігін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Өңірдегі жұмысшылардың жағдайы мен құқығының қорғалуы комиссияның қадағалауында болатындығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980662?lang=kk
Жауап қалдыру