21 сәуірде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Аскарова, білім бөлімінің басшысы Б.Қанафина және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алтай ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп, 10 мектепке дейінгі мекеме, 3 қосымша білім беру ұйымы бар. Бүгінгі таңда ауданда бастауыш сынып мұғалімдері, тіл мұғалімдері, жаратылыстану-математика мұғалімдеріне қажеттілік бар.
– Біздің өңірде де басқалардағы сияқты ұстаздар тапшылығы орын алды. Бос орындар жәрмеңкесі бітіруші түлектер үшін үлкен мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде олар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, түйіндемелерімен алмаса алады, кейін жұмысқа орналасып, табысты мансап құру үшін шарттармен танысады, деп атап өтті Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж. Аскарова.
С.Аманжолов атындағы университетте Алтай ауданының күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Осымен үшінші жыл өткізіліп отырған бос орындар жәрмеңкесі арқасында 2024 жылы ауданға университеттің 24 түлегі жұмысқа келді.
Қалалар және ауыл мектептерінің басшылары жас мамандарға қандай жағдай жасауға дайын екендіктерін, атап айтқанда, көтерме жәрдемақы және баспана алуға мүмкіндік беретін «Дипломмен ауылға» бағдарламасына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/980873?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді