ЖОО-ға білім гранттары мен жұмысқа орналасуға жолдамалар – «Еңбек кубогы – 2025» республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 14–20 сәуір күндері Түркістан қаласында колледж студенттері арасында өткен республикалық «Еңбек кубогы – 2025» спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы командалық есеп бойынша:
 • І орынға – Алматы қаласының командасы;
 • ІІ орынға – Қарағанды облысының командасы;
 • ІІІ орынға – Маңғыстау облысының командасы ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, спартакиада аясында студенттер баскетбол, волейбол, футзал, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Жеңімпаздар Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және кубокпен марапатталды. Үздік ойын көрсеткен студенттерге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Халықаралық туризм және меймандостық университетіне білім гранттарына сертификаттар табыстады. Сонымен қатар өңірдегі жетекші кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары жұмысқа қабылдау туралы жолдамалар ұсынды.

Келесі «Еңбек кубогы – 2026» спартакиадасы Алматы қаласында өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/980874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді