
Абай облысының тас жолдарында 392 шақырым жол белгілері жаңартылды.
2025 жылғы 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында Абай облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Ауқымды шараның негізгі мақсаты – жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ апаттардың санын барынша азайту. Осы ретте тәртіп сақшылары бұрын берілген ұйғарымдардың орындалуына ерекше назар аударып, жол-көлік инфрақұрылымын тексеріп, кемшіліктерді жоюға күш салуда.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысын ұйымдастыру элементтері – жол белгілері, бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдері ретке келтірілуде. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 392 шақырым автожолда жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
#қауіпсізжолЖПІШ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/981223?lang=kk
Жауап қалдыру