Аймақ үшін маңызды оқиға

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ТЖД маманы “Qyzai” әйелдер бастамалары форумына қатысты.
Іс-шара қатысушыларға тәжірибе алмасуға, сәттілік үлгілерінен шабыт алуға және жеке, кәсіби өсу үшін пайдалы білім алуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушы Өскемен іскер әйелдер Қауымдастығы болды.
ШҚО ТЖД Алтай ауданы ТЖБ бас маманы Алина Мамаева форумға үшінші жыл делегат ретінде қатысып келеді. Форум, аймақтың түкпір – түкпірінен мықты, жарқын және ынталы әйелдерді – нағыз көшбасшылар мен шабыттандыратын кәсіпқойларды жинады. Паблик-ток, нетворкинг және әйелдер қауымдастығы, тәжірибелік шеберлік табы, әйелдер көшбасшылық дағдыларын және сөзшең шеберліктерін жетілдірді.

Спикерлер ретінде, бизнесте, медиасферада, құқықтануда, мемлекеттік органдарда қызметте жетістіктерге жеткен Шығыс Қазақстанда танымал әйелдер сөз сөйледі.

“Мен өзім үшін көптеген, әсіресе өзіне деген сенімділік және ішкі кедергілерді еңсеру, мансаптық даму тақырыбында құнды түсініктер алдым. Жасанды интеллект жұмыс пен күнделікті өмірде таптырмас көмекші бола алатындығынан шабыт алдым”, – дейді Алевтина.
Әйелдер әртүрлі салаларда, соның ішінде төтенше жағдайлар жүйесінде маңызды нәтижелерге қол жеткізуде. ШҚО ТЖД-да бүгінде 174 әйел жұмыс істейді, олар ер адамдармен бір қатарда төтенше жағдайлардың алдын алуға үлес қосады. Мұндай форумдар әйелдің қоғамдағы рөлі қаншалықты маңызды екенін және басқаларды шабыттандыратын қызметте қалай белсенді және тиімді дамитынын айқын көрсетеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/980856?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді