
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аудан көлемінде жеке тұрғын-үй құрылысын жүргізуге берілген жер телімдеріне бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстары, құлысы жүргізілген кәсіпкерлік нысандар мен елдімекендердің сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған нысандарды анықтау барысындағы жұмыстар жайы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Жақсыбек Исақов баяндама жасады.
Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және аудан активі қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/981176?lang=kk
Жауап қалдыру