Асанәлі Әшімов Жастар театры саябағына тал отырғызды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Еңбек Ері, қазақтың көрнекті актері, режиссері және театр өнерінің майталманы Асанәлі Әшімұлы Әшімов Жастар театры саябағына тал отырғызды. Іс-шара “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Мақсат — еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру, қоғамның табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін күшейту және экологиялық мәдениетті дамыту.
Сондай-ақ, 23 сәуір – ұлттық кітап күні аясында, Асанәлі Әшімов кітапқа қолтаңбасын қалдырып, Жастар театрының музейіне сыйлады.
Жалындаған жастардың өнерін тамашалап, шығармашылық шабыт тіледі. Бұл күні тағдырын театрмен байланыстырған бірқатар актерлерге алғыс хат табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/981198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді