
Петропавл қаласында, Бірлік кентінің маңында полицейлер нөмірлік белгілері жоқ скутерлер мен мотобайк мінген үш жасөспірімді тоқтатып, тексеру жүргізді. Олардың мінген көлігі тіркеуден өтпегені белгілі болды. Балалардың біреуі 15 жасар, қалған екеуі 14 жаста екендігі анықталды. Олардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жинақталуда.
5-ші сәуірден бастап белгіленген тәртіпте тіркелмеген мопед пен скутерлерді мінуге тыйым салынғанын тәртіп сақшылары еске салады. 16 жасқа дейін бұл көлік құралдарын басқаруға тыйым салынған. Былтыр мопед жүргізушілерінің салдарынан 16 жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлік иелерінің жауапкершілігі – жолдағы қауіпсіздікті нығайтудың кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/980569?lang=kk
Жауап қалдыру