Бұқар жырау ауданында спорт пен тазалық біріктірілді – Ботақара ауылында экологиялық марафон – плоггинг-жүгіру өтті.
Оған спорт бөлімі мен «Арлан» спорт клубының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар екі шақырымға жуық жүгіріп өтіп, жол бойынан бірнеше қап қоқыс жинады.
Командалар жұптасып жарысты. Ең көп қоқыс жинағандарға сыйлықтар табыс етілді.
Бұл бастама басқа елді мекендерде де өткізілетін аудандық акцияның бастамасы болды.
Плоггинг – 2016 жылы швед экологы Эрик Альстрём бастаған халықаралық қозғалыс. Кішкентай қалашықтан Стокгольмге көшкеннен кейін, ол көшедегі қоқыс көлеміне таң қалған. Содан бері эколог жүгіру кезінде өзімен бірге қап алып, қоқыс жинай бастады. Осылайша спорт пен экологияны біріктіру идеясы пайда болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-energy/press/news/details/980570?lang=kk
Жауап қалдыру